Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдаршамның қызыл түсінде тұрып ұнтақ иіскеген шымкенттік бейнежазбаға түсіп қалды

Опубликовано:

Шымкенттік тұрғындар
Шымкенттік жігіттер. Видеодан кадр: Т.me/POLICE_of_KZ

Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрғанда ұнтақ иіскеген шымкенттік бейнежазбаға түсіп қалды. Бұл туралы ІІМ жаңалықтарының Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

Шымкент қаласы полиция департаментінің дерегінше, Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап тұрып, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген.

ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлаған.

"Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады. Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды", – дейді тәртіп сақшылары.

Қазір Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027623-bagdarsamnyn-qyzyl-tusinde-turyp-untaq-iiskegen-symkenttik-beinezazbaga-tusip-qaldy/

pixel