Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оператор РОП" бұрынғы құрылтайшысы Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды

Опубликовано:

Ш. Мұқтарова
Ш. Мұқтарова. Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-дағы ресми арнасы

Іздеуде жүрген "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарова Біріккен Араб Әмірлігінде қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Антикордың мәліметінше, бұған дейін "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жарияланған болатын.

Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары оны қамауға алды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстанның Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027648-operator-rop-buryngy-quryltaisysy-birikken-arab-amirliginde-ustaldy/

pixel