Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық компанияларды 620 млн теңгеге алдап соққан кәсіпкер сотталды

Опубликовано:

Судья үкім оқып тұр
Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Almaty Kuat ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны жылыстату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Тергеу барысында ЖШС директоры Алматы қаласының индустриалды аймағына қатысушы 10-нан астам шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясын жеткізу шартын жасасып, электр энергиясын тұтынушыларды, сондай-ақ өндіруші және жеткізуші ұйымдарды алаяқтық жолмен электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, екі жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталды", -делінген хабрламада.

Осылайша, Almaty Kuat ЖШС 620 млн теңгеден астам шығын келтірген.

ҚМА мәліметінше, кейін жедел-іздестіру шаралары барысында жоғарыда аталған ЖШС директорының мәмілелер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды заңды айналымға түсіргені анықталған.

Сот қаулысымен жалпы сомасы 134 млн теңгеден астам жер телімдері мен құрал-жабдықтарға тыйым салынды.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленген. Ол 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027663-almatylyq-kompaniyalardy-620-mln-tengege-aldap-soqqan-kasipker-sottaldy/

pixel