Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғамдық көліктегі жолақысы 100 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Опубликовано:

Валидатор
Жолақыны төлеуге арналған қоғамдық көліктегі валидатор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда қоғамдық көлікте жолақысы қолма-қол ақшасыз төлем үшін 100 теңгеге дейін, қолма-қол ақшамен 200 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабы 4 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:

Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілесін:

жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге; жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулыда.

Алматы қаласы әкімдігінің ұсынысын қоғамдық талқылау 21 шілдеге дейін жалғасады.

Сондай-ақ қаулының түсіндірме жазбасында жолақасын көтеруге не себеп болып отырғаны да айтылған.

Құжатта қазіргі уақытта Алматы қаласында қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз төлеу тәсілімен төлеген кезде 80 теңге мөлшерінде екені атап өтілген.

Бұл тариф құнының мөлшері 2012 жылы белгіленген және бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалған, тек 2017 жылдан бастап қолма-қол ақшамен төлеген кезде жол жүру құны 150 теңге мөлшерінде белгіленген.

Алайда соңғы 11 жылда тасымалдаушылардың шығындары айтарлықтай өскен.

"Мысалы, дизель отынының құны 90 теңгені құраған, ал бүгінгі күні 295 теңгені (+328 пайыз) құрайды, газдың құны 33 теңгені құраған, ал бүгінгі күні 108 теңге (+327 пайыз) мөлшерінде белгіленген. Автобустардың құнын қоса алғанда, қалған шығындар бойынша да осындай жағдай орын алып тұр.

Бұл шығындар тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемінде тікелей көрсетіледі. Мәселен, 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін субсидиялар көлемі 13,8 есе, 6,9 млрд теңгеден 50 млрд теңгеге дейін өсті. Биыл субсидиялаудың болжамды көлемі бекітілген тарифке сәйкес шамамен 85,5 млрд теңгені құрады", - делінген түсіндірмеде.

Сондай ақ құжатта қоғамдық көліктегі тарифтің қолданыстағы құны сақталған жағдайда субсидиялау мөлшері жылдан жылға ұлғайып, бұл жергілікті бюджетке үлкен жүктеме түсіретіні атап өтілген.

"Биыл тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес тарифтің орташа құны 425 теңгені құрайтынын атап өткен жөн", - делінген құжатта.

Түсіндірмеде осыған байланысты 2023 жылы тарифтің құнын қайта қарау және қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 100 теңге, қолма-қол төлеу кезінде 200 теңге мөлшерінде белгілеу қажеттілігі туындап отырғаны айтылған.

"Осындай жағдайда субсидиялаудың болжамды көлемі 2023 жылы 10 млрд теңгеге қысқарады", - делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027676-almatyda-qogamdyq-koliktegi-zolaqysy-100-tengege-deiin-koterilui-mumkin/

pixel