Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі колледж түлектеріне QR коды бар диплом беріле бастады

Опубликовано:

QR код белгісі
QR код белгісі. Көрнекі фото: getty/stock photo

Білім беру саласын цифрландыру аясында биыл колледж түлектеріне QR коды бар диплом беріле бастады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомсто мәліметінше, деректерді автоматты сәйкестендіру мен верификациялау немесе QR-код технологиясын қолдану жалған диплом жасаудан қорғауға және жұмыс берушілердің диплом түпнұсқалығын бірден тексеріп алуына мүмкіндік беретін жаңашылдық болып табылады.

 "QR-код дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Ол құжаттың иесі жайлы деректер, оқу орны туралы ақпарат пен Ұлттық білім беру деректер қорынан алынған құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме береді.

QR-кодта түлекті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер: түлектің аты-жөні, ұйымның атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі беріледі", - дедйі Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Сонымен қатар министрлік 2023 жылғы 6 шілдеден бастап осы жылы беріле бастаған ТжКБ дипломдарын цифрлық жеке және жүргізуші куәліктері секілді электронды үкімет порталындағы жеке кабинет немесе eGov электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттар сервисі арқылы немесе екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы алуға болатынын атап өтті.

"Түлектерге "eGov Mobile" қосымшасы арқылы QR-код бойынша ақпаратты ұйымдар мен жеке тұлғаларға цифрлық түрде жіберу мүмкіндігі берілді. Мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарын бітіргені туралы диплом беру кезінде қолданылып келеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027695-elimizdegi-kolledz-tulekterine-qr-kody-bar-diplom-berile-bastady/

pixel