Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана күніне орай Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

Автобекет
Автобекет. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекеттік кірістер комитеті 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ведомство Facebook-тегі ресми арнасында хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Астана күні мерекесіне байланысты 2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Ведомство Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

"Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027700-erten-qazaqstan-qytai-sekarasynda-avtobeketter-zumys-istemeidi/

pixel