Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның дауылдық ескертуін негізге ала отырып, қалада 6 шілдеде найзағай күтілетінін хабарлайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін", - делінген ТЖД хабарламасында.

Сонымен қатар ТЖД мамандары найзағай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды.

  • Найзағай кезінде үйде болсаңыз, электр сымдары мен антенналарға жақындамаңыз. Терезелерді жауып, теледидар, радио және басқа да электр құралдарын өшіріп, металл заттарды ұстамаңыз.
  • Егер көлікте болғанда найзағай басталса, көліктен шықпаңыз. Бұл ретте, терезелерді жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз. Көлік жүргізуді тоқтатып, найзағай басылғанша жол жиегінде немесе автотұрақта, биік ағаштардан, биік жерлерден, ашық алаңдардан алшақ жерде, көлік ішінде күте тұрыңыз. Сондай-ақ найзағай кезінде көлікке жанармай құймаңыз, көліктердің арасында немесе көліктің шанағында (кузов) тұрмаңыз, көліктің астына тығылмаңыз, металл заттардың үстіне отырмаңыз және металл заттарды қолыңызға ұстамаңыз.
  • Бұл уақытта велосипедтер мен мотоциклдер қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан оларды жерге жатқызып, қауіпсіз жерге бару қажет.
  • Егер сіз далада болсаңыз, есіңізде болсын: найзағай аймағында жүгіріп, әбігерге түспеңіз, барлық металл әшекейді (алқа, сақина, сырға) шешіп тастаңыз, электр желілеріне немесе биік ағаштарға жақындамаңыз. Металл қоршаулар, болат құбырлар, рельстер, сондай-ақ басқа да электр тоғын өткізгіштердің маңына жақын жерде тұрмаңыз;
  • Найзағай кезінде ағаштардың астында және бағана сияқты биік заттардың жанында тұрмаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027715-tzd-aua-raiynyn-qolaisyzdygyna-bailanysty-almaty-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel