Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазАвтоЖол" алдағы мереке күндеріне байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

"ҚазАвтоЖол" алдағы мереке күндері қарсаңында қазақстандық көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Алдағы күндері республикалық автожолдар желісінде көлік қозғалысы қарқындылығы артады деп болжануда. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ресми сайтында хабарлады.

"Осыған орай алдағы демалыс күндері жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейті. Ұзақ жолға шықпас бұрын жүргізушілер көліктің жай-күйін тексергені абзал. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін назардан тыс қалдырмай, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, республикалық автожолдар желісінде, оның ішінде ақылы жолдарда да трафик айтарлықтай өседі деп болжануда.

"5 шілде күнгі кешкі уақыттан бастап көлік қозғалысы қарқындылығы 30-40 пайызға өсуі күтілуде. Болжамға сәйкес, бейсенбі мен жексенбіде көлік анағұрлым көбірек қатынайды. Жаз мезгілінде көлік ең көп жүретін бағыттардың қатарына "Астана-Щучье" және "Алматы-Қонаев" жатады", - деді компания өкілдері.

Шлагбаумның алдында кезек күтіп ұзақ тұрып қалмау үшін мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі шотын алдын ала толықтыруға кеңес беріледі. Бұл ақы алу пункттерінен тезірек өтуге мүмкіндік береді. Толық ақпаратты kaztoll.kz сайтында көрсетілген.

Жолда қандай да бір қиын жағдайға тап болсаңыз 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады. Колл-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027733-qazavtozol-aldagy-mereke-kunderine-bailanysty-kolik-zurgizusilerine-undeu-zasady/

pixel