Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда қаланың ортасынан тағы бір адамның сүйегі табылды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай қаласының қақ ортасында тағы бір адамның сүйегі табылды. Құбырларды ауыстырып жатқан коммуналдық мекеме қызметкерлері жерді қазған кезде осымен үшінші мәйіттің үстінен түскен. Қазір полиция марқұмдардың жеке басын анықтауға кірісті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның ақпаратынша, жұмысшылар кеше екі адамның денесін аршып алған. Соған қарамастан жөндеу жұмыстарын жалғастыра берген. Бүгінгі үшінші адамның қаңқасы табылғанда жұмысты тоқтатуға тура келген. 

Коммуналдық қызметтің өкілдері ең алдымен жердің астынан киімдерді көріпті. Одан ары қаза бастағанда топырақтың арасынан өлген адамдардың сүйектері шыға бастаған. Қорқынышты көріністен кейін абдырап қалған жұмысшылар дереу полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы бас, жамбас сүйектері мен қабырғаларды зертханаға жіберді. Адамдардың қаңқасы кімге тиесілі екені және оның қанша уақыттан бері көмулі жатқаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Осы жайттан кейін жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.

"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Өлген адамдардың жеке басын анықтау оңай болмайды. Сараптама кемі бір ай жасалады. Киімдерге қарасақ, мәйіттер ер адамдарға тиесілі болуы мүмкін. Біз із-түзсіз кеткендердің тізімін қараймыз. Марқұмдардың арасында жоғалып кеткен жандар болса, оны да анықтауға тырысамыз. Бірақ сараптаманың қорытындысын күту керек", - деді Қостанай ПБ аға тергеушісі Жасын Сардаров.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027735-qostanaida-qalanyn-ortasynan-tagy-bir-adamnyn-suiegi-tabyldy/

pixel