jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Астанада мейрамхана жүргізушісі 3,5 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Мейрамхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордалық мейрамхана жүргізушісінің қомақты ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің ресми парақшасы хабарлады.

Мешіт ауласында орналасқан мейрамхана басшысы полицияға өтініш білдіріп, сейфтен көп ақша ұрланғанын хабарлады.

Тергеу барысында мейрамхана қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен 3,5 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен.

Жұмыс уақытында ол басшының кеңсесіне кіріп, үстелден сейфтің кілттің жатқанын көріп , оны ашып, қолма-қол ақша ұрлады.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ер адам ұрланған ақшаны өтеді.

Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне сақ болуды және объектілерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.

Астанада мейрамхана жүргізушісі 3,5 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.