Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда белгілі жаттықтырушы жоғалып кетті

Опубликовано:

Сергей Курятков
Сергей Курятков. Фото: Pavlodarnews.kz

Павлодарда бір айдан аса уақыт бойы бұрынғы жаттықтырушы іздестірілуде. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Сергей Курятков биыл 15 мамырдан бері байланысқа шықпай қойған.

Vita еріктілерінің айтуынша, хабарсыз кеткен азамат бұрын жақсы жаттықтырушы болған. Қазіргі кезде үйсіз жүрген кезбелердің арасында жүруі мүмкін.

Бойы - 160-170 см. Көздері қоңыр. Сол жақ аяғында айдаһардың суреті бар.

"Іздеушілер Сергей жүруі мүмкін аудандардың біріне бағдарларды жабыстырып шықты. Жергілікті тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырып, жақын маңдағы дүкендер мен қоқыс полигондарын тексерді", – дейді еріктілер.

Егер де Сергей Курятковтың орналасқан жерін білетін немесе басқа да маңызды ақпарат болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарлауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027773-pavlodarda-bir-ai-buryn-zogalgan-zattyqtyrusy-izdestirilip-zatyr/

pixel