Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерсі болды ма деп, ұялдым": министрді құшақтап алған жетісайлық оқушы туралы не білеміз

Опубликовано:

Ержігіт Құттыбек
Ержігіт Құттыбек. Фото: "Түркістан" арнасы

Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны Ержігіт Құттыбек желіде танымал боп шыға келді. Ол Олимпиада грантын ұтқан соң, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты құшақтап алған, деп хабарлайды "Түркістан" арнасы.

Ержігіт Құттыбек Асық ата кентінің 8-сынып оқушысы. Өз мектебінің үздігі. Бірнеше Олимпиадада жеңімпаз атанған. Бірақ соңғы жетістігі ерекше. Оның Iqanat Олимпиадасында грант иегері атанғандағы видеосы бүкіл желіні шарлап кетті.

110 баланың ішінде аты ең соңғы болып аталған ол сенер-сенбесін білмей, министрді құшақтап алған.

"60-70-100 оқушы кетті. Жүргізуші соңында он оқушы қалғанын айтты. Сол кезде жүрегім қатты толқып кетті. Жақсы тапсырған едім, ұтпай қалам ба деген сезім де болды. Қатты қобалжыдым. Үмітім таусылып, жылайын деп отырдым. Менің атымды айтқанда қатты қуандым. Тегімді айтқаннан бастап жүгірдім сахнаға қарай", - дейді Ержігіт.

Оқушы өзінің желіде танымал болып кеткенін кейін байқаған.

"Сол күні ештеңе білмедім. Өйткені тек сол залдағы адамдар ғана көрді ғой. Кейін әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарына шыға бастады. Сол кезде министрді құшақтап алғаным ерсі болмады ма деп, ұялдым. Кейін пікірлерді оқысам, бәрі ақ тілектерін айтып жатыр екен. Ақ тілектер мен бата мен үшін үлкен мотивация", - дейді Ержігіт Құттыбек.

Ержігіт көпбалалы отбасынан шыққан. Үйінің тұңғышы. Ол өзінің бүгінгі жетістігі ата-анасының арқасы екенін айтады.

"Мектепке бес жасынан барса, төрт жасынан бастап анасымен бірге есеп шығарып, тапсырмалар жасап жүрді", - дейді оқушының әкесі Ғалымжан Бердияров.

Аталған олимпиадаға биыл республика бойынша 800-ден аса бала қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027776-ersi-boldy-ma-dep-uyaldym-ministrdi-qusaqtap-algan-zetisailyq-oqusy-turaly-ne-bilemiz/

pixel