Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда сауда үйінің шатыры құлап, адамдарды басып қалды (видео)

Опубликовано:

Павлодар
Павлодар. Скриншот: instagram.com/news_pvl

7 шілдеде Артур сауда үйінің шатыры жазғы дәмхананың үстіне құлаған. Куәгерлердің айтуынша, адамдар үйінділер астында қалған, деп хабарлайды Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнына құтқарушылар, бірнеше жедел жәрдем көлігі, 4 қызметкер мен бір ОСО техникасы, апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері шықты.

"Құтқарушылар құрылысты бөлшектеуге кірісті. 1975 жылы туған бір ер адам үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Оның екі аяғы сынған деген диагноз қойылды. Жұмыс жалғасып жатыр", - деп хабарлайды Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Тағы бір ер адам құтқарушылар келгенше жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылды.

Басқа мәліметтер нақтыланып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027846-pavlodarda-sauda-uiinin-satyry-qulap-adamdardy-basyp-qaldy-video/

pixel