jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

43 градус ыстық: алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Жазда
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын "Қазгидромет" синоптиктері болжады.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, соған байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

8 шілдеде солтүстік-шығыста және шығыста, 8-9 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады және ауа райы жауын-шашынсыз болады деген болжам бар.

Сондай-ақ 8-10 шілде аралығында батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында 43 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

43 градус ыстық: алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.