Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Катамаранды ағыс алып кеткен": ақтөбелік құтқарушылар төрт адамды құтқарды

Опубликовано:

Судағы катамаран
Cу көлігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбелік құтқарушылар демалыс базасында катамарандағы 3 адам мен суда жүзген бір адамды аман-есен судан алып шыққан. Бұл туралы ТЖМ ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 8 шілде күні Ақтөбе қаласы, "Тропикана" жағажай демалыс базасы ауданы, Елек өзенінде су көлігі катамаранды ағыс алып бара жатқаны туралы 112 құтқару қызметіне көмек керек екені бойынша хабарлама түсті. Катамаранда 3 адам болған.

ТЖМ ақпаратынща, жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кіріскен.

"Құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім және 20 жастағы азамат құтқарылып, катамаран ағыстан жағаға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖМ өкілдері.

Сонымен қатар ақтөбелік құтқарушылар катамарандағы адамдарды құтқарып қайтып келе жатырған кезде, арғы беттен бергі бетке бір адамның жүзіп келе жатырғанын байқап қалып, 25 жастағы ер адамды құтқарып қалған.

Облыстық ТЖД дерегінше, ақтөбелік құтқарушылар су айдындарында күнделікті рейд кезінде демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

"Егер сіз кішкентай балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;

  • тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз;
  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
  • суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;

  • суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз", - деп ескертеді Ақтөбе облысы ТЖД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027921-katamarandy-agys-alyp-ketken-aqtobelik-qutqarusylar-tort-adamdy-qutqardy/

pixel