Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жасанды су қоймасына батып кеткен ер адам көз жұмды

Опубликовано:

Құтқару белдемшесі
Құтқару белдемшесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға бір күн бұрын Орал қаласында болды. Ер адам тыйым салынған жерде жүзіп, суға батып кеткен. Ер адамның денесін оқиға орнына жеткен құтқарушылар алып шықты, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, оқиға кешкі сағат 19:00 шамасында болған.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған басылымы хабарлауынша, "Русские бани" кешені маңындағы "Карьер" жасанды су қоймасына 28 жастағы ер адам батып кеткен.

Басылымның жазуынша, оның денесін құтқарушылар сағат 19:50-де шығарды. Белгілі болғандай, ол тыйым салынған жерде жүзген.

Қайғылы жағдайдың себебін мамандар анықтап, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Сонымен қатар оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бес қызметкері мен жедел жәрдем бригадасы келгені хабарланды.

Басылым ақпаратынша, бұл жағдай бір аптадағы екінші қайғылы оқиға. Қалада 5 шілдеде Шаған өзеніне 22 жастағы жас жігіт батып кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027923-oralda-zasandy-su-qoimasyna-batyp-ketken-er-adam-koz-zumdy/

pixel