Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында құстарға атылған оқ байқаусызда жасөспірімнің басына тиген

Опубликовано:

Жүзім бағы
Түркістан облысындағы жүзім бағы. Фото: polisia.kz

Кеше Түркістан облысында жүзім бағындағы құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болған. Атылған оқ жасөспірімнің басына тиіп, оны мерт қылған. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

ІІМ мәліметнше, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.

Полиция аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келген.

"Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды. Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027929-turkistan-oblysynda-qustarga-atylgan-oq-baiqausyzda-zasospirimnin-basyna-tigen/

pixel