jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы базарындағы өрт: өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда (видео)

Өрт сөндірушілер базардағы өртті сөндіруде
Өрт сөндірушілер Алматы базарларының біріндегі өртті сөндіруде. Фото: ТЖМ

Алматы қаласы ТЖД өкілдері "Кенжехан-2" киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт шығып, оны сөндіру жұмыстарын жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, өрт туралы қоңырау бүгін сағат 12 шамасында түскен.

Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін "Кенжехан-2" киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт болғандығы анықталған.

ТЖМ өрт аумағы анықталып, халықты базардан эвакуациялау жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Төтенше жағдайды жедел жою жұмыстарына Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылған.

Ведомствоның соңғы мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекетімен сағат 12.52-де өрт оқшауланған.

"Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасуда", - делінген ресми хабарламада.

Алматы базарындағы өрт: өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.