Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда екінші деңгейлі тоғыз банк таратылуы мүмкін

Опубликовано:

Банк ғимараты
Банк ғимараты. Көрнекі фото: ultramarine5/Getty Images

Қазақстанда екінші деңгейлі тоғыз банкті тарату жоспарлануда. Тиісті құжаттың жобасы "Ашық НҚА" ресми порталында жарияланған.

Құжат жобасын әзірлеуші Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі болып табылады.

"Қазіргі таңда Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Бұл ретте 9 банк тарату процесінде.

2022 жылдың басынан бері Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктің басшысы лауазымына 13 кандидатты бекітуден бас тартты.

Бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап агенттік басшы қызметкер лауазымына 10 кандидатты келісуден бас тартты", – делінген хабарламада.

Тарату процесінде тұрған банктердің тізімімен Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының сайтында танысуға болады.

Құжаттың жобасында микрокредиттеу секторында 252 МҚҰ микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияға ие екендігі, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап 17 компания лицензиядан айырылғандығы атап өтілген.

"ҚР заңнамасында Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі іс-әрекеті не әрекетсіздігі қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға немесе оны банкрот деп тануға әкеп соқтырған тұлғалардың есебін жүргізу мүмкіндігі қарастырылмаған.

Осыған орай, аталған тұлғалардың басқа қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқаруына жол бермеу мақсатында олардың есебін жүргізу және бақылауды жүзеге асыру ұсынылады. Осылайша, уәкілетті орган жосықсыз тұлғалардың қаржы секторындағы лауазымдарға жұмысқа орналасуына жол бермеу шараларын қолдана алады", делінген құжатта.

Құжатты қабылдаудың бір кемшілігі реттеу жүктемесінің артуы екені көрсетілген.

Құжатты қоғамдық талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027979-qazaqstanda-ekinsi-dengeili-togyz-bankti-taratu-zosparlanuda/

pixel