jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жетісайлық шаруаларға қауын-қарбызын Алматыға делдалсыз сату үшін "Алтын орда" базарынан тегін орын белгіленді

қауын
Қауын. Фото: Facebook/Mussayev Nurken

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының диқандары қауындарын сата алмай, малға беруге мәжбүр болып жатқаны туралы бейнежазбалар тараған еді. Онда диқандар жаз бойғы еңбегі далаға кеткенін айтады. Жетісайлықтардың жанайқайына жергілікті әкімдік құлақ асып, диқандарға өз өнімдерін Алматыдағы "Алтын орда" базарында делдалсыз сатуға арналған тегін орын белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жетісайлық шаруалар Алматыда "Алтын орда" базарында бақша, көкөініс өнімдерін делдалсыз сата алады.

"Аудан әкімі Серік Мамытовтың тікелей тапсырмасымен Алматы облысы Сауда департаменті, Алматы қаласында орналасқан "Алтын орда" базары басшыларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін өз өнімдерін делдалсыз қала тұрғындарына сатуға арналған арнайы тегін орын белгіленді", - делінген хабарламада.

Белгіленген орында шаруалар бақша, көкөініс өнімдерін сата алады. Ол үшін бақша, көкөніс дақылдарын өсіруші шаруалар жергілікті ауылдық округінің әкімдігінен анықтама алып, өздерімен бірге алып баруы қажет.

Анықтама алу үшін шаруа ауылдық округ әкімі аппаратына келесі құжаттары болуы керек:

  • Шаруа қожалығының тіркеу туралы куәлігі (патент);
  • Шаруа қожылығы басшысының жеке куәлігі;
  • Өнімді алып баратын шаруа қожалығы өкілінің жеке куәлігі;
  • Алматы қаласына өнімді аппаратын көлік құралының тіркеу туралы куәлігі (техпаспорт).

Бұған дейін жетісайлық тұрғын Нұркен Мұсаев желіде жетісайлық диқандар қауынның бір қорабын 1000 теңгеге өткізіп жатқанын айтып, бейнежазба жариялаған болатын.

Жетісайлық шаруаларға қауын-қарбызын Алматыға делдалсыз сату үшін "Алтын орда" базарынан тегін орын белгіленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.