Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптаның ең әсерлі шарасы: Toylafest фестивалінде Jusan балаларға ерекше сый ұсынды

Опубликовано:

Toyla fest
Фото: Алмаз Толеке

Белсенді демалысты жақсы көретін алматылықтар мереке күндері уақытын бос өткізген жоқ. Көктөбенің етегінде өткен Toylafest фестивалі тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Фестивальдың басты хедлайнері – рухты әндерімен көпшіліктің жүрегін жаулаған әйгілі британиялық Hurts тобы болcа, бас серіктестер – Jusan болды. Фестивалдің қалай өткенін KAZ.NUR.KZ мақаласынан оқи аласыздар.

7 шілде күні алматылық жастардың бірсыпырасы Көктөбе баурайына ағылды. Басты себеп – отандық әншілердің басын қосып, халыққа сапалы демалу алаңын ұсынған Toylafest. Шараны ұйымдастырушылар аталған фестивальдің атауын ойластыру кезінде қазақтың тойлау сөзін негізге алғанын айтады. Шараның мақсаты – алматылықтарға көңілді атмосферада көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

«Бұл - түрлі музыкалық бағыт пен стильді, елдер мен қалаларды, дизайн мен қолөнерді, трендтер мен дәстүрді әдемі үйлестіре білген нағыз заманауи шығыс базары», - дейді ұйымдастырушылар.

Шарада заманауи қазақ музыкасы бағытында жастардың жүрегінен орын тапқан DEQUINE, AYAU, LILI, RUSHA, KILEMGER сынды жас орындаушылар жанды дауыста ән салып, фестивальдың көркін қыздырса, басты қонақ - Hurts жанкүйерлерін ерекше харизмасымен, хит туындыларымен баурап алды. Бас-аяғы сегіз сағатқа созылған шараға ауа райының қолайсыздығы да кедергі бола қойған жоқ. Тыңдармандар жауып тұрған ақ жауынға қарамастан, үйіне тарқасуға асықпады.

Қонақтар үшін музыкалық сахнадан бөлек тағамның түр-түрі ұсынылған арнайы орындар қарастырылды. Сондай-ақ қолөнер бұйымдары, отандық тігіншілер мен зергерлердің қолынан шыққан туындылар қойылған қатар фестиваль шырайын келтірді.

Toyla fest
Фото: Алмаз Толеке

Jusan ұйымдастырған балаларға арналған арнайы аймақ – фестивальді осыған ұқсас өзге шаралардан ерекшелендіре түсті. Онда ата-аналар баласына балмұздақ пен тәтті ватаны 1 теңгеге сатып алып, аквагримм жасатып, ойнатып, түрлі жүлделі ұтысқа қатыстырды. Бұл кішкентай қонақтарға айрықша назар аударып, олардың демалысын тиімді өткізуге барынша күш салу мақсатында қолға алынып отыр, дейді банктің имидж жобаларының тимлиді Әсем Зәмзам. Ең белсенді кішкентай қонақтар ойынға қатысу арқылы Jusan Bank-тің балалар мен ата-аналарға арналған арнайы өнімі – Jusan Family отбасы картасын ашып, түрлі ұтыс иегері атанды.

Асем Замзам
Фото: Алмаз Толеке

«Бір байқағанымыз – көптеген фестивальда балаларға арналған жақсы алаңдар жетіспейді. Сол себепті біз осы жолы аталған Jusan Family отбасылық өнімін таныту мақсатында сапалы, балаларға қызық болатын алаң ұйымдастырдық және бұл алаңда балаларға ойын ұсындық. Ойын шарты бойынша балалар түрлі тапсырма орындап, соңында түрлі сыйлықтар ұтып ала алады. Мақсатымыз - балалардың қаржы сауаттылығын арттыру, оларды еңбек ету арқылы ақша табуға ынталандыру», - дейді ол.

Toyla fest
Фото: Алмаз Толеке

Ойынға қатысып, отбасылық карта иесі атанғандардың бірі - 8 жастағы Айлин. Айлин шараға анасы Назира Балтабаевамен келген. Ол фестивальға келе сала, Jusan ұсынған алаңға қарай бет бұрғанын айтады. Ал анасы қызының қаржылық қызығушылығын арттырған Jusan-ға алғысым зор, дейді.

«Айлинді фестивальға білім көкжиегін арттыру үшін, әдемі әсерге бөлеу үшін алып келдім және келгеніме өкінбеймін. Мұнда балама пайдалы дүние көп екен. Соның бірі – Jusan ұсынған ойын. Айлин оған қатысуға өзі ниет білдіріп, барлық тапсырманы орындап шықты. Бір емес, екі сыйлық ұтып алды. Бастысы, алғашқы картасын ашты. Өте қуанып тұр, мен де мәзбін. Фестиваль осындай керемет көңіл-күй сыйлады», - дейді Назира.

Toyla fest
Фото: Алмаз Толеке

Айта кетсек, Jusan іске қосқан жаңа бірегей отбасылық Jusan Family отбасылық өнімі креативтілігімен ерекшеленеді. Бұл өнімді ұсынудағы негізгі мақсат - балалардың қаржы сауаттылығын арттыру, сонымен бірге отбасымен бірлесе отырып үлкен мақсатқа ақша жинауына, тапсырмаларды орындау арқылы ақша табуына сеп болу. Тұтас алғанда Jusan Family ата-ананың баланы қаржы сауаттылығы негіздеріне баулуға таптырмас көмекші болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028074-aptanyn-en-aserli-sarasy-toylafest-festivalinde-jusan-balalarga-erekse-syi-usyndy/

pixel