Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаттықтырушыдан пара алған": Астанада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

Опубликовано:

Қалтасына ақша салып жатқан ер адам
Қалтадағы ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті Астана қаласы әкімдігінің "Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізуде. Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдары аралығында ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған.

Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты КММ басшылығы алып отырған.

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрады.

Сонымен бірге КММ басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды", – делінген ресми хабарламада.

Агенттік КММ бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын атап өтті.

"Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді", - деп қосты ҚМА өкілі.

Сондай-ақ агенттік Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028145-zattyqtyrusydan-4-mln-tenge-koleminde-para-algan-astanada-sport-salasyndagy-lauazymdy-tulgalarga-qatysty-tergeu-zurgizilude/

pixel