Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы арнайы операция кезінде "Калашников", "Макаров", граната, шолақ мылтық және есірткі тәркіленді

Опубликовано:

арнайы операция
Алматыдағы арнайы операция. Фото: ҰҚК ресми сайты

ҰҚК-нің жедел қызметкерлері арнаулы мақсаттағы бөлімшені жұмылдырумен Алматы қаласында қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі ресми сайтында хабарлады.

ҰҚК мәліметінше, арнайы операция 2023 жылғы 24 маусымда жүргізілген.

Арнайы операция барысында ҰҚТ 5 белсенді мүшесі ұсталып, олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, тегіс ұңғылы "шолақ" мылтық және синтетикалық сипаттағы есірткі заты тәркіленген.

Тәркіленген қару-жарақ
Тәркіленген қару-жарақ. Фото: ҰҚК ресми сайты

Алматыдағы арнайы операция
Тәркіленген заттар. Фото: ҰҚК ресми сайты

Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

Алматыдағы арнайы операция
ҰҚК қызметкерлерінің күдіктіні ұстау сәті. Фото: ҰҚК ресми сайты

"Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен қамауға алынып, қалғандарына қатысты қажетті тергеу іс-қимылдары жүргізілуде.

Қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталған. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда", – делінген хабарламада.

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: ҰҚК ресми сайты

Сонымен қатар ҰҚК Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін атап өтті.

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: ҰҚК ресми сайты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028160-almatyda-arnaiy-operaciya-kezinde-uqk-kalasnikov-makarov-granata-solaq-myltyq-zane-esirtki-zattaryn-tarkiledi/

pixel