Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда полиция қызметкері ұсталғаннан кейін бірқатар басшы қызметінен айырылды

Опубликовано:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қостанайда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталғаннан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылған. Бұл туралы облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ТоболИнфо" агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі таратты деген күдікпен ұсталған полицейден бөлек, бұл іс бойынша тағы екі қызметкер жауап беруде.

"Қостанай облысы ПД қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оны Қостанай облысы бойынша ҰҚКД жүргізіп жатыр", – делінген редакцияның сауалына берілген жауапта.

Облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, қызметтік тексеріс нәтижесінде бірқатар басшы қызметінен босатылған.

"Облыстық ПД-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлмағамбетов, облыстық ПД-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қартбаев, Қостанай қалалық ПБ бастығы Базарбаев, Қостанай қалалық ПБ бастығының орынбасары Шұбаев, Қостанай қалалық ПБ-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Атығаев атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Сонымен қатар Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ынтықбаев Ішкі істер органдарынан шығу туралы рапорт берді, облыстық ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Дүйсебаев те қызметінен босату туралы өтініш берді", – дейді Алексей Милюк.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында ІІМ Қостанай облысы бойынша ҰҚКД мен ПД ӨҚБ қызметкерлерінің бірлескен операциясының нәтижесінде Қостанай қаласында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталғанын хабарлаған еді.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028167-qostanaida-policiya-qyzmetkeri-ustalgannan-keiin-birqatar-bassy-qyzmetinen-aiyryldy/

pixel