Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында қытайлық инвесторлармен біріккен жаңа жоба іске аспақ

Опубликовано:

Қызылорда облысында қытайлық инвесторлармен біріккен жаңа жоба іске аспақ
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Түрлі қолдауды қажет етететін жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында шілде айының 6-8 күндері аралығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бастаған делегация мүшелері Қытай Халық Республикасына барды.

Іс-сапар аясында қытайлық компаниялармен кездесулер өткізілді. Екіжақты басқосуларға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та қатысты. Өз кезегінде өңіріміздегі қытайлық кәсіпорындармен келісім негізінде жүргізіліп жатқан инновациялық жобалар жайын талқылап, жаңа мүмкіндіктер жайлы сөз етті.

Облыс әкімінің алғашқы іс-сапар күні қытайлық «Gepetto» мұнай технологиялары корпорациясының Басқарма төрағасы Цзэн Бинь мырзамен кездесумен басталды. Кездесу барысында Қызылорда облысының негізгі өндіріс көзі болып табылатын мұнай-газ саласындағы бірнеше мәселелер талқыланып, ортақ ынтымақтастыққа келді.

Екі тарап арасында ортақ жобалар да бар, қазіргі күні келелі кездесулер мен келісімді шешімдердің арқасында Қызылорда облысының аумағында «Gepetto» кәсіпорынының еншілес компаниясы құрылған болатын.

Қызылорда облысында қытайлық инвесторлармен біріккен жаңа жоба іске аспақ
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ақпаратта, «Бүгінгі кездесу осы жұмыстардың жалғасы іспетті. Аймақ басшысы облыс аумағындағы мұнай кеніштерінің табиғи сарқылуына байланысты мұнай өңдіру көлемін арттыруда компанияның инновациялық технологиялары мен оң тәжірибесін ескере отырып, жергілікті мұнай компанияларымен бірлескен жұмыс жүргізуді ұсынды. Нәтижесінде өңірдегі мұнай кен орындарының тиімділігін ұлғайту және өнімділігін арттыру бағытында химиялық реагенттер өңдіру, арнайы мамандарды даярлайтын оқу бағдарламаларын құру және әлеуметтік жобалар бағытында бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру мақұлданды»,- делінген.

Сөз соңында өңір басшысы Нұрлыбек Машбекұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін маңызды жобаларға Қызылорда облысы әкімдігінің тарапынан қажетті қолдау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Өз кезегінде Қытайлық әріптестер де атаулы жобалар бойынша ынталы екенін жеткізіп, аймақ басшысына алғысын жеткізді.

Қызылорда облысында қытайлық инвесторлармен біріккен жаңа жоба іске аспақ
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сонымен қатар, Нұрлыбек Машбекұлы 2022 жылдың қазан айында өңір аумағында іске қосылған шыны зауытының жұмысын жақсарту, өнімділігін арттыру, шыны өндірісінде жаңа технологияларды жетілдіру мақсатында қытайлық «China Glass Holdings LTD.» компаниясының президенті Лю Гуо мырзамен келіссөздер жүргізді. Облыс әкімі шыны зауыты айналасында шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін құру жұмысын ұсынды. Сәйкесінше, Лю Гуо мырза қуана қабыл алатынын жеткізіп, қуаттылығы жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісі жобасын іске асыру бойынша екіжақты Меморандумға қол қойылды.

Сонымен бірге, іс-сапар барысында «Қытай сода өнеркәсібі қауымдастығы» президенті Дин Чаоранмен де кездесті. Өңіріміздегі шыны зауытында кальцийленген сода негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Қазіргі күні қажетті 300-400 мың тонна шикізат шет елдерден импортталуда. 2026 жылға дейін қажеттілік 1 млн. тоннаға дейін жету факторын ескеріп, өңірде кальцийленген сода зауытын салу жоспарланған болатын. Өз кезегінде аймақ басшысы осындай маңызды инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Қызылорда облысында қытайлық инвесторлармен біріккен жаңа жоба іске аспақ
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Іс-сапар барысында Нанкин қаласының бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға қатысқан облыс әкімі Н.Нәлібаев Қызылорда облыстық экономикасының басым секторларындағы инвестициялық мүмкіндіктер, Халықаралық бизнес үшін қолжетімді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндама жасады.

Одан бөлек, облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Цзянсу провинциясының губернаторымен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер негізінде аймақ басшысы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынылып, Меморандумдарға қол қоюға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028253-qyzylorda-oblysynda-qytailyq-investorlarmen-birikken-zana-zoba-iske-aspaq/

pixel