Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында қылмыс саны айтарлықтай азайған

Опубликовано:

Нұрғалым Әбдіров
Нұрғалым Әбдіров. Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысындағы қылмыс саны 6 ай ішінде 21 пайызға төмендеген. Бұл туралы Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте аймақтың бас прокуроры Нұрғалым Әбдіров айтты.

Қылмыстың жолын кесу негізінде «Тараз – Қауіпсіз қала» жобасы 3 жыл бойы өңірде сәтті жүзеге асып келеді. Нәтижесінде, шаһардағы 10 мың тұрғынға шаққанда құқық бұзушылықтар саны 2 есеге азайды. Бұл– облыс орталықтарының қылмыс көрсеткіштері арасындағы ең төмен деңгей болып отыр.

Қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар 63%-ға, қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар 57%-ға азайған. Сондай-ақ, ұрлық 33%-ға, мал ұрлығы 5,8%-ға, қарақшылық 57,1%-ға, тонау 10,4%-ға кеміген. Халық арасында белсенді құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде – алаяқтық азайған.Оның ішінде интернет алаяқтық 40%-ға төмендепті.

Жамбыл облысында қылмыс саны азайған
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Өткен жылдың 1-ші жартыжылдығында азаптау бойынша 47 іс тергелсе, биыл жартыжылдықта 5 іс тергелді. Сотталушылардың өз-өзіне зиян келтіру фактілері 65%-ға азайған. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде прокурорлар қылмыстық қудалау органдары ғимаратында, уақытша ұстау изоляторында заңсыз ұсталған 26 адамды босатты. Бүгінгі таңда 2 іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Қылмыстық істермен мемлекетке келтірілген 55,2 млн теңгеден астам шығын анықталып, оның 42,2 млн теңгесі қайтарылды. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдау үшін «Сенім маршруты» жобасы іске қосылды. Жалпы 3771 жолданым қаралып, оның 1672-не жауап берілді.301-і қанағаттандырылды.

Жамбыл облысында қылмыс саны азайған
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

1,5 айдың ішінде ескірткіні жарнамалайтын 400-ден аса тарату сілтемелері анықталып, 100 сілтеме толығымен жойылды.Сондай-ақ, облыс әкіміне, мәжіліс депутаттарына және құқық қорғау органдары басшылығына «NARKO SHEKTEU TARAZ» телеграм-боты таныстырылып, оны енгізу және іске асыру бойынша бірлескен жоспарға қол қойылды.Телеграм-боттың ерекшелігі - қоғамды есірткімен күресуге тарту және есірткіге қарсы азаматтық ұстанымды насихаттау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028257-zambyl-oblysynda-qylmys-sany-aitarlyqtai-azaigan/

pixel