Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Полиция қызметкерлері алматылықтарды қала көшелеріне қоқыс тастамауға шақырып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын еске салды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

"Бүгінде көшедегі қылмыстардың алдын алудың негізгі тұтқасы - әкімшілік құқық бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу, сондай-ақ олардың жасалуына мүлдем төзбеушілік таныту. Бұл бағыттың маңызы ерекше, себебі ұсақ құқық бұзушылықтар, мейлі қоқыс тастау, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа да заңсыз көріністер болсын, азаматтардың келешекте аса ауыр әрекеттер немесе қылмыстар жасауына алғышарттар болып саналады", - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Диас Дуанбеков.

Ведомство мәліметінше, әкімшілік заңнаманың талаптарына сәйкес қоғамдық орындарды ластау Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түрінде жауапкершілік көзделген құқық бұзушылық болып саналады.

Медиапорталдың жазуынша, Алматыда жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластауға байланысты 5370 құқық бұзушылық анықталды. Айыппұл сомасы 91 миллион теңгеден астам болды.

Полиция деректерді белсенділер, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарлайтынын, осыған байланысты тәртіп сақшылары жоғарыда аталған ресурстарға кеңінен мониторинг жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028260-policiya-almatylyqtarga-undeu-zasady/

pixel