Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Қазақстанның үш қаласында арнайы операция жүргізді: 20 адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Арнайы операция
Арнайы операция. Видеодан кадр: ҰҚК

Алматы, Орал және Ақсай қалаларында бопсалау, бұзақылық және тонау дерегі бойынша күдікке ілінген екі қылмыстық топтың мүшелері бір мезгілде арнайы операция кезінде ұсталған. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 4 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді.

"Бопсалау, бұзақылық және тонау дерегі бойынша күдікке ілінген қылмыстық топтың 20 қатысушысы ұсталды.

Бірқатар тінту шаралары өткізіліп, нәтижесінде атыс және суық қарулар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің бас пайдалары үшін бейбіт азаматтарды қорқытқандары белгілі болды. Өз кезегінде жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген.

"Аталған топтар бұрын сотталғандар және деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған." Қылмыстық топ мүшелері бір бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірлерін жүргізу үшін қару қолдана отырып қақтығыстарға барғандары белгілі", - деп хабардар етті ҰҚК-нен.

Құзырлы орган мәліметінше, іске асырылған шаралар өңірдегі қылмыстық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді деп күтіліп, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028314-uqk-qazaqstannyn-us-qalasynda-arnaiy-operaciya-zurgizdi-20-adam-ustaldy-video/

pixel