Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Залал 596 млн теңге": "Әскери құрылыс" АҚ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде

Опубликовано:

ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтің және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

"11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтің қарамағындағы "Әскери құрылыс" ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты қарамағындағы адамдар бар.

Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, залалдың жалпы сомасы 596 млн теңгені құраған. Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікті қолдануға тыйым салынған.

Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028376-zalal-596-mln-tenge-askeri-qurylys-aq-bassylygy-byudzet-qarazatyn-zymqyrdy-dep-kudiktelude/

pixel