Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында есірткі қойып кетушінің ірі партиямен ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарлады.

Полицияның мәліметінше, "Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні жасырын қойып кету арқылы таратқан.

"Күдіктіден "PvP" есірткісінің 96 байламы тәркіленді. Сондай-ақ гаражды тексеру кезінде тағы 65 синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 50 грамнан асады. Ол 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, қойып кетуші есірткіні Telegram канал арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028422-qostanai-oblysynda-esirtki-qoiyp-ketusinin-iri-partiyamen-ustalgan-sati-videoga-tusip-qaldy/

pixel