Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, шаңды дауыл, аптап ыстық: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

субұрқақта ойнап жүрген балалар
Субұрқақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бейсенбі, 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Бүгін тек еліміздің оңтүстігінде және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ бүгін де Түркістан, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында,  Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Сонымен қатар бейсенбіде Түркістан, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, шығысында өрт шығу қаупі сақталады.

Мамандар ал Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік жартысында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028436-zanbyr-bursaq-aptap-ystyq-bugin-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel