Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жабдықтардың әбден тозығы жеткен": үкіметте МАЭК пен АМӨЗ-дегі апат себебі қаралды

Опубликовано:

Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен кеңес
Әлихан Смайыловтың қатысумен өткен кеңес. Фото: Primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себебін тексеру жұмыстарының барысы қаралды. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

Отырыс барысында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы 6-9 шілде аралығында Маңғыстау және Атырау облыстарына барып, нәтижесінде 3 шілдеде болған оқиғалар тізбегі толығымен қалпына келтірілгенін баяндаған.

Сонымен қатар Батыс өңірдің энергожүйесінің жай-күйіне жан-жақты талдау жасалып, АМӨЗ-ді электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі бөлек қаралған.

Комиссияның жұмыс тобы 3 шілдеде болған жағдай Батыс өңірдің энергожүйесіндегі теңгерімді болжау және жөндеу схемаларын жоспарлаудағы кемшіліктердің барын айғақтайтынын анықтаған.

Сондай-ақ еліміздің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желісін күшейту жобасын іске асыру созылып кеткені белгілі болған.

Сонымен бірге Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өңірлік стансаларда, бірінші кезекте МАЭК-те апат қаупі жоғары екендігі анықталған. Станса жабдықтарының әбден тозығы жеткен.

Бұдан бөлек "Karabatan Utility Solutions" ЖШС-нің жаңа бу-газ жылу стансасының жұмысына қатысты сұрақтар туындаған. Атырау мұнай өңдеу зауытының сыртқы электрмен жабдықтау схемасында айтарлықтай ақаулар бар.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша орын алған апаттарға байланысты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау жұмыстары жалғасуда.

Бұл ретте алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау үшін бірқатар жүйелі проблемаларды шешу жоспары әзірленген. Ол

  • МАЭК-ті жаңғырту мен күрделі жөндеуді;
  • БЭЖ-дің Батыс аймағының электр желісін күшейтуді;
  • АМӨЗ-де қуаттылығы жоғары жеке энергия көзін салуды;
  • Батыс аймақты ҚР БЭЖ-бен байланыстыруды көздейді.

Премьер-министр орын алған апаттардың мән-жайын толық анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды және келешекте олардың алдын алу шараларын іске асыруды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028450-zabdyqtardyn-abden-tozygy-zetken-ukimette-maek-pen-amoz-degi-apat-sebepterin-tekserudin-aldyn-ala-qorytyndylary-qaraldy/

pixel