Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Зәкиева: Атыраудағы "Шаңырақ" балалар ауылының екі тәрбиешісі балаларға қол көтерген

Опубликовано:

бала
Анасының қолындағы сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Атырау қаласындағы "Шаңырақ" балалар ауылындағы балалармен кездесуінен кейін ондағы заң бұзушылықтарды, екі тәрбиешенің балаларға қол көтергенін анықтаған. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кеше біз Атырау қаласындағы "Шаңырақ" балалар үйінде тұратын балалармен кездесіп, әңгімелестік. Балалар арасында анонимді сауалнама жүргіздім, әрқайсысымен сөйлесіп шықтым, бейнекамералардың жазбаларын зерттедім.

Нәтижесінде келесі бұзушылықтар анықталды: екі тәрбиешінің қол көтеруі, балалар ас үйде өткізетін уақыттың басым бөлігін ана-тәрбиешінің қатысуынсыз өткізген, кейбір тәрбиеленуші балалардың арасындағы конфликтілер, үйде бөтен ересек адамның болуы, бейнекамералар жазбаларының сақталуы мен мерзімі", – деп жазды Динара Зәкиева.

Уәкілдің айтуынша, ол жағдайды тексеру және одан әрі шаралар қабылдау үшін облыс әкімінің орынбасарына барлық ақпаратты берген, одан кейін Бас прокуратураға да жібермекші.

Зәкиева балалардың әңгімеге өте ашық екенін жазған, өздерінің кім болғылары келетіні жайлы айтып, оған көкейлерінде жүрген уайымдарымен бөліскен. Тіпті, нөмірін жазып алып, хат алмасып тұруға келіскен.

"Қоғам өкілдерінің пікірлері мен көзқарастары әр түрлі екеніне қарамастан, бәрінің мақсаты бір – балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі және оларды манипуляциядан, ересектер арасындағы кикілжіңнен қорғау.

Қазір ең бастысы – тексерістің объективтілігі, балалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңға сәйкес шаралар қабылдау", – деп жазды Зәкиева.

Жақында балалар үйіндегі камералар саны көбейтіліп және оларды үнемі бақылау жүргізіп отыру үшін Білім басқармасына қоспақшы.

Айта кетейік, осыдан біраз күн бұрын әлеуметтік желіде "Шаңырақ" балалар үйінің тәбриеленушісі көмек сұраған видео тараған болатын. Ол туралы журналист Армангүл Тоқтамұрат Facebook парақшасында жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028525-dinara-zakieva-atyraudagy-sanyraq-balalar-auylynyn-eki-tarbiesisi-balalarga-qol-kotergen/

pixel