Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мас күйінде шомылуға барған": Семей қаласында ер адам суға батып кетті

Опубликовано:

Ертіс өзені
Ертіс өзені. Фото: ТЖМ

Семей қаласындағы Ертіс өзенінің "Пристань" қалалық жағажайынан құтқарушылар ер адамның денесін алып шықты. Бұл туралы ТЖМ ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 2023 жылдың 11 шілде күні Ертіс өзенінің "Пристань" қалалық жағажай ауданында болған.

ТЖМ хабарлауынша, куәгерлер 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылуға барғанын айтқан. Бір мезетте ер адамның көзден ғайып болғаны белгілі болған.

"Дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты", - деп хабардар етті ТЖМ өкілдері.

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылған.

Абай облысы ТЖД қызметкерлері еріктілер мен полиция қызметкерлерімен бірге судағы қауіпсіздік шаралары туралы халықты ескерту бойынша профилактикалық рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028543-mas-kuiinde-somyluga-bargan-semei-qalasynda-er-adam-suga-batyp-ketti/

pixel