Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапониядағы халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар алты медаль алды

Опубликовано:

Халықаралық олимпиада олимпиадасының жүлдегерлері
Халықаралық олимпиада олимпиадасының жүлдегерлері. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жапонияның Тиба қаласында өткен 64-ші халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2023) қазақстандық оқушылар бірден алты медальға ие болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәлімтінше, Жапонияның Тиба қаласында өткен 64-ші халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO-2023) әлемнің 112 елінен барлығы 618 оқушы қатысты.

Қазақстан құрамасы екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алып, әлемдік есепте 21-ші орынға ие болған.

64-ші халықаралық математикалық олимпиаданың жүлдегерлері:

  • II орын – Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы;
  • II орын – Райымбек Байшуақ – Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
  • III орын – Жан Даутов - Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
  • III орын – Батырхан Сакенов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
  • III орын – Владимир Роговский – Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
  • III орын – Марғұлан Шарел – Жамбыл облыстық «Білім-инновация» лицей- интернатының 10 сынып оқушысы.

"Біздің ұлттық құраманың математика пәнінен халықаралық олимпиадада қол жеткізген нәтижелері мақтануға тұрарлық. Қазақстандық оқушылар әр қатысқан жылдары 16 алтын, 44 күміс, 75 қола медаль және 28 мақтау қағазын алды. Дәл осындай олимпиадалардың жүлдегерлеріне отандық ЖОО-на конкурстан тыс негізде оқуға мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жарысқа дайындаған ұстаздарына бір реттік ақшалай сыйлық беріледі", - деді Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Айта кетейік, халықаралық математикалық олимпиададағы жеңіс жүлдегерлеріне ЖОО-на конкурстан тыс негізде оқуға білім гранттары, сондай-алтын медальға 1500 АЕК (5 млн 175 мың теңге, күміс жүлдеге 1000 АЕК (3 млн 450 мың тенге) және қола медальға 500 АЕК (1 млн 725 мың теңге) көлемінде бір рет сыйақы тағайындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028547-zaponiyadagy-xalyqaralyq-olimpiadada-qazaqstandyq-oqusylar-alty-medal-aldy/

pixel