Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңілдетілген әйелдер ипотекасы жақында қайта іске қосылады

Опубликовано:

Тиын салғыш және ақша
Қағаз ақша және ақша салғыш. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл көктемде елімізде әйелдер ипотекасына өтініштер қабылданып, сол күні-ақ бағдарлама лимиті таусылған болатын. Қазір бағдарламаны қайта іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды "Отбасы банкінің" ресми сайтында.

"Ұмай" тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы Қазақстанда үшінші жыл жұмыс істейді. Бұл "Отбасы" банкі мен Азия даму банкінің (АДБ) бірлескен жобасы. Биыл үшінші транш аясында оны жүзеге асыруға 15,6 млрд теңге бөлінді.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 мамырында бастала салып, сол күні түстен кейін бөлінген ақшаның лимиті таусылды.

Жалпы, бұл күні банк 15,6 млрд теңге сомаға 1000-ға жуық өтінішті қабылдаған.

"Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде клиент тұрғын үйді сатып алудың болжамды сомасына несиеге алдын ала мақұлдау сертификатын алады. Бұл сома бірден клиент үшін сақталады. Бұл сертификат бір айға жарамды. Осы уақыт ішінде клиент баспана тауып, оны бағалап, төлем қабілеттілігін растап, несие алуға өтініш беруі керек.

Бірақ барлық клиенттер сертификаттарын уақытында пайдаланбады. Бір айдан кейін көбінде "күйіп кетті". Кейбір клиенттер пәтерді сатып алуды кейінге қалдыруды шешіп, өз ойын өзгерткен немесе лайықты пәтер таппаған болуы мүмкін. Бұл ретте біреулер үшін бір ай бойы жарамды болған қаражат құрдымға кетсе, ал қалғандары оны пайдаланып, өз баспанасын сатып алып үлгерді", - делінген хабарламада.

Мәселен, биылғы жылы берілген өтініштердің ішінде 400-ге жуық клиент сертификатты уақытында пайдаланбаған немесе өтініштерін мүлде жойған.

Бағдарлама қашан іске қосылады

19 шілдеде "Отбасы" банкі "Ұмай" әйелдер ипотекасына өтініш қабылдауды жалғастырады. Бұл бағдарламаны пайдаланып, Астана, Алматы, Ақтау және Атыраудан басқа Қазақстанның кез келген қаласында баспана сатып алуға болады. Аталған қалаларда пәтер сатып алу лимиті таусылған соң "Ұмай" бағдарламасына қатысушылар бұл жерден шаршы метрді сатып ала алмайды.

"Отбасы банк" мәліметінше, енді "Ұмай" бағдарламасына қосымша 400-450 қазақстандық қыз-келіншектер тағы да қатысуға мүмкіндік алады. 2023 жылдың 13 мамырындағы жағдай бойынша бөлінген үшінші транш аясында банкте тағы 6 млрд теңге қалды. Сондықтан әйелдер бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдауды 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 9:00-де қайта бастау туралы шешім қабылданды.

"Ұмай" бағдарламасы бойынша сатып алынатын баспананың шекті құны 30 миллион теңгеден аспауы тиіс. Осы жылы пайыздық мөлшерлеме 14,4 пайызды (ЖТСМ 15,4 пайыздан) құрады, кейіннен 3,5пайыз-5 пайызға дейін төмендеді (ЖТСМ 3,6 пайыздан).

"Ипотекалық несиенің мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте баспана таңдауда ешқандай шектеулер жоқ. Несиелер қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға да беріледі, соның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша да алуға болады. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша пәтерді жөндеу жұмыстары үшін 3,7 млн ​​теңгеге дейін несие ала аласыз", - деп хабардар етті "Отбасы банкі".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028553-zenildetilgen-aielder-ipotekasy-zaqynda-qaita-iske-qosylady/

pixel