Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында алдағы бес жылда шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беріледі

Опубликовано:

Азамат Қаюпов
Азамат Қаюпов. Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі күні нарықтық қоғамның айнымас бірнеше заңдылығы бар. Бұл - әлем алыптары тұтас келісетін, практикалық түрде бірнеше он жылдықта шыңдалған, өзінің өміршеңдігі мен нәтижелілігін көрсеткен қағидат. Ол – ұлттық экономиканы тұрақты даму шыңына шығару мақсатында кәсіпкерлік саласын пайдалану. Шағын және орта, үлкен кәсіпкерліктің жұмысын жолға қою - ел ішіндегі табыс көзінің төмендігі, жұмыс орындарының жетіспеушілігі, мемлекеттік кіріс көздерін ұлғайту секілді бірнеше әлеуметтік маңызы бар проблемалардың шешуші факторы.

Осы қағидатта Сыр өңірінде де айтулы жұмыстар легі іске асырылуда. Макроэкономикалық қалыпты жағдайды ұстаудың негізі ретінде қолайлы бизнес ахуалды құру – басты міндеттерінің бірі екенін біздік мамандар жақсы түсінеді.

Мәселен өңірімізде өз кәсібін дөңгелетіп отырған шағын және орта кәсіпкерлердің саны биыл 37,5 пайызға көбейіп, жалпы саны - 72 685 жетті. Атаулы сектор бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны 18 пайызға артып, 121 700 адамды құрап отыр. Бұл экономикадағы барлық жұмыс күшінің 35 пайызына жетті.

Нәтижесінде, Қызылорда облысындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 18,3 пайызды құрады. Бұл жайлы өңірлік Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары А.Каюпов айтты.

Ол өз сөзінде, «Облыста кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оны дамыту бағытында жұмыстар жүйелі атқарылуда. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асырылып,ауыл тұрғындары мен жастардың кәсіпкерлік бастамаларын жеңілдікпен несиелендіру жұмыстары басталды. Биылғы жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден шамамен 23 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылып, жыл басынан бері 2 мыңға жуық жобаға қаржылай қолдау көрсетілді»,- деді.

Қаражаттың 2,2 млрд теңгесі мемлекеттік гранттар беруге, 1,3 млрд теңгесі жастарға микрокредиттер беруге, 3 млрд теңге ауыл кәсіпкерлеріне микрокредиттер беруге, ,4 млрд теңге банктер арқылы кредиттер беруге бағытталған. Ал Аграрлық несие корпорациясымен 6,6 млрд теңге, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығымен 2,9 млрд теңге қарастырылды. Шағын және орта бизнестің несие портфелі 12,9 млрд теңгені құрайтын 484 жобасына Ұлттық жоба шеңберінде субсидия берілді.

Сонымен қатар, баспасөз алаңының спикері баяндамасында «Қаржы ұйымдары арқылы шағын бизнестің 723 жобасы 9,3 млрд теңгеге несиелендіріліп, жас кәсіпкерлердің 316 жобасын 2 млрд теңге шамасында қаржыландыру мақұлданды. Анықтама бере кетсек, Аграрлық несие корпорациясымен 7 млрд теңге шамасында 378 жоба қолдау тапты. «Қызылорда» ӨИО» - 2,3 млрд теңгенің 345 жоба несиелендірілді. Ал, 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мемлекеттік гранттар жұмыссыз азаматтардың 722 жобасына табысталды»,-деді.

Ал, 5 млн теңгеге дейінгі гранттар беру конкурсын 2023 жылдың екінші жартыжылдығында ұйымдастыру жоспарланған. Қаралған қаржы көлемі - 124,250 млн теңгені құрап отыр.

Бұдан өзге, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының негізгі жұмыс бағыты ретінде шағын өнеркәсіп парктерін құру қолға алынған. «Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге, ал жергілікті бюджеттен 100 млн теңге қаражат қарастырылуы көзделуде»,- дейді жауаптылар.

Облысымызда туризм саласын дамыту бойынша да ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Бұл жайлы басқарма басшының орынбасары: «Туризм саласында, кәсіпкерлердің санитариялық-гигиеналық тораптарын (СГТ) күтіп-ұстау, жол бойындағы сервис объектілерін салу, сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезіндегі шығындардың бір бөлігін субсидиялау қолдау құралдары қарастырылған. Жыл басынан бері 2 кәсіпкердіңжол бойындағы сервис объектілерін салу шығынын өтеу мәселесі республикалық бюджетте қаралып жатса, 17 нысанның санитариялық-гигиеналық тораптарын (СГТ) күтіп-ұстаушығындары мемлекет тарапынан өтелді»,- деді.

Фото
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі күні салықтық ынталандыру беру жұмыстары да өз нәтижелілігін көрсетіп отыр. Жыл басынан бері бөлшек сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлерге (экономикалық қызметтің 190 түрі бойынша) бөлшек салық режимін қолдану мүмкіндігі берілген.Атаулы салық жүйесі қосымша құн салығы мен әлеуметтік салықтан босатуды, сондай-ақ айналымнан 4% табыс салығын төлеуді қамтиды. Айта кету керек,үстіміздегі жылдың маусым айындажергілікті мәслихаттар шешімдерімен бөлшек салықтың мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Ендігі аймақта сауда мен қызмет көрсету салаларында кәсіп жасап отырған шамамен 35 мыңға жуық кәсіпкерлер осы бөлшек салық режимін қолдануына мүмкіндігі бар.

Салық кодексіне сәйкес, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайтын, кіріс көлемі 2 млрд теңгеден (600 мың МРП) аспайтын және сауда, қоғамдық тамақтану, өзге де қызмет түрлерінжүзеге асыратын кәсіпкерлер қолдана алады. Жергілікті өкілді органдардың бөлшек салық мөлшерлемесін қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай 50%-дан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар.

Бұл өзгеріс кәсіпкерлерді ынталандырып отырғаны байқалады.

Сөз соңында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары А. Каюпов: «Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы қажеттігін атап өтті. Бұл ретте, аймақта экономиканың бұл секторындамыту, бизнес климатты жақсарту шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028566-qyzylorda-oblysynda-aldagy-bes-zylda-sagyn-zane-orta-biznesti-damytuga-basymdyq-beriledi/

pixel