Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне 5 жасар қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізуді тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, президентке құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны, күдікті анықталғаны хабарланды.

"Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған", - делінген хабарламада.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды.

"Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында жоғалып кеткен 5 жастағы қыз ауылдасының үйінен өлі күйінде табылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028644-toqaev-bas-prokuratura-men-iski-ister-ministrligine-5-zasar-qyzdyn-olimine-qatysty-tergeu-zurgizudi-tapsyrdy/

pixel