Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы бір ауыл бруцеллезге байланысты карантинге жабылды

Опубликовано:

Сиыр бұзауымен
Сиыр бұзауымен. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысы Атбасар ауданындағы Новомариновка ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, бүгіннен бастап елдімекен карантинге жабылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін", - делінген әкімдік құжатында.

"Ашық НҚА"порталының мәліметінше, "Ветеринария туралы" заңның 10-бабының 7-тармақшасына сәйкес Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі Светлана Валитова шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған.

Шектеу бүгіннен, яғни 14 шілдеден бастап күшіне енген.

"Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деді құжатта Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі Светлана Валитова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028679-aqmola-oblysyndagy-bir-auyl-brucellezge-bailanysty-karantinge-zabyldy/

pixel