Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық депутат Риддер жылу электр орталығының иесі атанды

Опубликовано:

Көрнекі фото
ЖЭО. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты Әміржан Нәбиев Риддер жылу электр орталығының иесі атанды, деп хабарлайды Энергетика министрінің кеңесшісіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясовтың мәліметінше, Әміржан Нәбиев 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Риддер ЖЭО-ның 100 пайыз иесі.

Оның айтуынша, кәсіпорынның қарызы 5,3 млрд теңгені құрайды – жаңа иесі оны өз күшімен өтемек. Бұл сомаға негізінен банк қарыздары, қызметкерлердің кешіктірілген жалақысы, жанар-жағармай шығындары кіреді.

Бұл ретте қарыздың басым бөлігі өтелген, қазір қалған қарыз 1,5 миллиард теңгеге жуық.

Алматы қаласы мәслихатының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Әміржан Нәбиев 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Ол 1973 жылы 1 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.

Әміржан Нәбиев
Әміржан Нәбиев. Фото: Алматы қаласы мәслихаты

1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды "Психология" мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды "Құқықтану" мамандығы бойынша бітіріп, заң ғылымдарының магистрі атанған.

Еңбек жолын 1999 жылы Ақтау қаласындағы "РМЗ" АҚ (Жөндеу-механикалық зауыты) маркетинг және басқару департаментінің директоры қызметінен бастаған.

2009-2010 жылдары "Алматытеплокоммунэнерго" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болған. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Атрикс-Строй" ЖШС құрылыс компаниясын басқарып келеді.

Amanat партиясының мүшесі.

2014-2016 жылдары V сайланған, 2016-2021 жылдары VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары.

2021-2023 жылдары да VІI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028705-almaty-qalasy-maslixatynyn-deputaty-ridder-zylu-elektr-ortalygynyn-iesi-atandy/

pixel