jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Respublica партиясы филиалының төрағасы Асхат Бектұров дүниеден өтті

Асхат Бектұров
Асхат Бектұров. Фото: instagram.com/a1darbek

Respublica партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Асхат Бектұров дүниеден өтті. Қайғылы хабарды партия басшысы Айдарбек Қожаназаров жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қарағандыдан суық хабар жетті. Партияласымыз, облыстық партия филиалының жетекшісі және мәслихат депутаты Асхат Есентұров 41 жасында өмірден өтті. Бұл қайғылы хабар барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып отыр", – деп жазды Айдарбек Қожаназаров Instagram парақшасында.

Оның сөзінше, Асхат Есентұров еңбекқор, өз ісіне адал, іскер азамат болған.

"Өзі мүмкіндігі шектеулі азамат бола тұра "Қолғанат – Қарағанды" тігін компаниясын құрды. Бұл әлеуметтік кәсіпорын Қазақстан нарығында сегіз жылдан бері жұмыс істеп, 50-ден астам адамды жұмыспен қамтыды, оның жартысынан көбі – мүмкіндігі шектеулі жандар.

Алға қойған тағы бір жоспары – балаларға арналған экологиялық ойыншықтар шығаруды жолға қою, өндірісті кеңейтіп, ең бастысы – зейнеткерлік жастағы адамдарды да жұмыспен қамту еді...

Асхат Жалғасбайұлы біздің жадымызда әдепті, еңбекқор, адал, өз ісінің кәсіби маманы, елінің нағыз азаматы ретінде сақталады.

Отбасына, барша ағайын-туыс бауырларына қайғырып көңіл айтамыз!", - дейді Айдарбек Қожаназаров.

Respublica партиясы филиалының төрағасы Асхат Бектұров дүниеден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.