Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда нөсер жауын: көшелерді су басып, бағдаршам істен шыққан (видео)

Опубликовано:

Полиция қызметкері жол қозғалысын реттеп тұр
Полиция қызметкері жол қозғалысын реттеп тұр. Видеодан кадр: Т.me/POLICE_of_KZ

Қостанайда кеше кешке қатты нөсер жауынмен бірге бұршақ жауды. Көшелерді су басып, кейбір бағдаршамдар істен шыққан, деп хабарлайды ІІМ жаңалықтарының Telegram-дағы ресми арнасы.

Бірнеше күн ыстықтан кейін кеше кешке Қостанайда жаңбыр мен бұршақ жауды. Көшелердегі көлік қозғалысы қиындаған: яғни қала көшелерін су басып, кейбір бағдаршамдар істен шыққан.

"Бағдаршамның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты көшелерде көлік жүргізу қиынға соққан. Бірақ полицейлер жолдағы жүргізушілерді қорғау және жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазіргі уақытта ауа райы қалыпқа келді, полиция қызметкерлері штаттық режимде қызмет етуді жалғастыруда", – делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, ауа райы болжамы бойынша бүгін Қостанайда найзағай ойнап, дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028766-qostanaida-noser-zauyn-koselerdi-su-basyp-bagdarsam-isten-syqqan-video/

pixel