Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы Бодрум әуежайында ірі өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Өрт
Өрт. Видеодан кадр: twitter.com/OGMgovtr

Кеше, 14 шілде күні Түркияның оңтүстігіндегі Милас-Бодрум халықаралық әуежайы маңындағы аумақты үлкен орман өрті шарпыды. Өртті сөндіруге авиация жұмылдырылғаны хабарланды.

Кеше, 14 шілдеде Түркияның оңтүстігіндегі Мугла провинциясындағы Милас-Бодрум әуежайы маңындағы Акйол және Кемиклер ауылдары арасындағы орманда өрт шықты, деп хабарлайды Түркия Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігінің ресми сайты.

Ведомство басшысы Ибрагим Юмаклидің айтуынша, өрт әуежай маңында, жол жиегінде басталған, кейін өрт оңтүстікке, Кости орамына қарай жылжыған. Сақтық шарасы ретінде ауданның қарт тұрғындары эвакуацияланды.

Оның атап өтуінше, жарты сағатта өрт 37 гектарға жуық орман алқабын шарпыған.

Юмаклидің айтуынша, қазіргі кезде Түркияның Бодрум әуежайындағы өрт бақылауға алынған. Өртті сөндіруге 9 ұшақ, 13 тікұшақ және 450-ге жуық адам қатысқан.

Ал "РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, қазір бұл аймақта ауа температурасы 43 градустан асып тұр, провинцияда күніне бірнеше рет орман өрті болып тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028782-turkiyadagy-bodrum-auezaiynda-iri-ort-syqty-video/

pixel