Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы демалыс аймағының жанында өрт шықты: ТЖМ басшысы ТЖ орнына ұшып кетті (видео)

Опубликовано:

Абай облысындағы өрт
Орман өрті. Фото: t.me/qr_tjm

Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің аумағында өрт шықты. Өрттің жанында "Шошқала" демалыс аймағы бар, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасы.

ТЖМ хабарлағандай, бүгін, 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД "Семей орманы" МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түскен.

"Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары: облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді", – деді ТЖМ.

Өртті жедел сөндіруге жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді. Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды.

"Өрттің жанында қазіргі уақытта "Шошқалы" демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды", – делінген хабарламада.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына аттанды.

Айта кетейік, қазір өңірдегі ауа температурасы 28 градус, жел солтүстік-батыстан 16 м/с жылдамдықпен соғуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028790-abai-oblysyndagy-demalys-aimagynyn-zanynda-ort-syqty-tzm-bassysy-tz-ornyna-usyp-ketti-video/

pixel