Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда таяқ пен бөтелке ұстағандардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Алкоголь
Көрнекі фото: Pixabay.com

Маңғыстау облысында кеше жаппай төбелес болды. Тәртіп сақшылары алты күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Zhest_kz Telegram арнасында жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Кадрларға қарағанда төбелескендер қолдарына таяқ алып, бөтелке лақтырған.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 шілде күні сағт 03.30-да Бейнеу ауылындағы Д. Тәжиев көшесінде болған.

"Полиция қызметкерлері 24-25 жастардағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша Бейнеу аудандық полициясының СТБТ тіркелді. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады полициядан.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар мен бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028828-mangystauda-tayaq-pen-botelke-ustagandardyn-zappai-tobelesi-videoga-tusip-qaldy/

pixel