Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда зейнеткер футбол алаңында басқа біреудің баласын ұрып тастаған

Опубликовано:

алаң
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде балалар алаңында әйел адамның бөтен баланы ұрып жатқан видеосы тарады. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Egov.press Telegram арнасында жарияланған видеодан қарт әйелдің футбол алаңындағы баланы ұрып жатқанын көруге болады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, кеше, 15 шілдеде сағат 19:30-да облыстық балалар ауруханасынан қоңырау келіп түскен.

"Полиция қызметкерлері мекенжай бойынша тексеріс жүргізіп, факті расталды. 14 шілдеде 17 шағын ауданда 54 үйдің маңайында орналасқан футбол алаңында әйел басқа біреудің баласын ұрып тастаған.

Аталған факті бойынша 64 жастағы әйелге ӘҚБтК 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028832-aqtauda-zeinetker-futbol-alanynda-basqa-bireudin-balasyn-uryp-tastagan/

pixel