Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметінен кететінін хабарлады

Опубликовано:

Нұрлан Қылышбаев
Нұрлан Қылышбаев. Фото: Іnstagram.com/qazfwc

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев қызметінен кетеді, деп хабарлайды ведомство Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

"Бүгіннен бастап, басқа жұмысқа ауысуыма орай, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметін тоқтатамын.

Еліміздің табиғат қорғау саласының дамуына үлес қосу мен үшін үлкен абырой және жауапкершілігі мол қызмет болды. Әріптестеріме алғыс білдіре отырып, алдағы еңбектеріне сәттілік тілеймін!", – делінген хабарламада.

Ол 2022 жылдың ақпанында комитет басшысы лауазымына тағайындалған болатын.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрлан Қылышбаев 1971 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген. 

Еңбек жолын 1993 жылы "Талдықорған – Нижний Новгород" сауда үйінің жетекші маманы болып бастаған.

1994-1996 жылдары — Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженер;

1996-1997 жылдары — ҚР ІІМ органдарында қызмет атқарды;

1997-1999 жылдары — Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі;

1999-2004 жылдары — Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімі аппаратында консультант, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

2004-2010 жылдары — коммерциялық ұйымның президенті;

2010-2013 жылдары Талдықорған қаласы, Алматы облысының Табиғи ресурстар басқармасында басшылық қызметтерде;

2013-2016 жылдары — Алматы облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылының әкімі;

2016-2017 жылдары — алтыншы сайланған парламент сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі;

2017 жылғы қыркүйектен бастап алтыншы сайланған парламент сенатының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитет мүшесі болды.

2021 жылдың желтоқсан айында Нұрлан Қылышбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатты.

2022 жылдың ақпанында оның Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы болып тағайындалғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028943-orman-saruasylygy-zane-zanuarlar-duniesi-komitetinin-toragasy-qyzmetinen-ketetinin-xabarlady/

pixel