Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында әкім қызметінен өз еркімен кетті

Опубликовано:

Бейнеубек Әбілов
Бейнеубек Әбілов. Фото: Gov.kz

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов қызметтен өз еркімен кетті. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

17 шілдеде аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жұмыстан өз еркімен кеткен Бейнеубек Әбіловке алғыс айтты. Облыс әкімі Бейнеубек Әбіловтің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті.

"Әкімнің міндетін атқарушы болып бұрын Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Рахымжан Шалбаев тағайындалды.

Нұрлан Ноғаев Рахымжан Шалбаевқа сәттілік тілеп, бірқатар нақты тапсырмалар берді", – делінген хабарламада.

Бейнеу ауданы әкімінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Бейнеубек Әбілов 1975 жылы 16 қантарда Бейнеу ауылында туған.

1998 жылы Ақтау мемлекеттік университетінде инженер-механик мамандығын, 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығын және 2012 жылы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде инженер-құрылысшы мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Ақтау қаласы әкімдігінің жастар, туризм және спорт бөлімінің маманы болып бастаған. Одан кейін кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028952-mangystauda-akim-qyzmetinen-oz-erkimen-ketti/

pixel