Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қансырап жатқан адам Ақтау тұрғындарын шошытты

Опубликовано:

қансыраған жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: Sandra Hoever/Getty Images

17-шағын аудандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қансырап жатқан азамат Ақтау тұрғындарын шошытты. Маңғыстау облысы бойынша ПД оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлері Ақтаудағы тұрғын үй кешенінің бірінде әйнегі сынған есік пен шашыраған қанды видеоға түсіріп алған.

"Флоренция" ТК төрағасы оқиға 17 шілдеде болғанын айтты.

"Қансырап жатқан ер адам шлагбаумнан өтіп, "Флоренция" тұрғын үй кешеніндегі коммерциялық мекеменің әйнек есігін сындырып, кетіп қалған. Болжам бойынша ол мас болған. Кеңсе иесі полицияға арыз жазған", – деп түсіндірді ол.

Маңғыстау облысы бойынша ПД 17 шілде күні сағат 04.30 шамасында "102" кезекші пультіне Ақтау қаласының 17-шағын ауданындағы "Флоренция" тұрғын үй кешенінде тыныштық бұзылғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.

"Шақыру бойынша патрульдік полиция инспекторлары шұғыл әрекет етті. Белгілі болғандай, 36 жастағы ер адам абайсызда терезені қолымен соғып, дене жарақатын алған. Ол дәрігерлердің көмегінен бас тартқан. Азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 437-бабының 2-бөлігі (Тыныштық бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028971-qansyrap-zatqan-adam-aqtau-turgyndaryn-sosytty/

pixel