Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақшаның аула сыпырушысы балаларға азғындық жасады деп айыпталды

Опубликовано:

Ойыншықпен ойнап отырған кішкентай бала
Балабақшада ойнап отырған бала. Көрнекі фото: Рixabay.com

Адвокат Айман Омарова Алматыдағы балабақшалардың бірінде балаларға жасалған азғындықтың бірнеше фактіcі туралы мәлімдеді. Бұл жағдайға қала полициясының баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Заңгер өзінің Facebook парақшасында Алматыдағы балабақшалардың біріне арналған бірнеше жазба жариялады. Оның айтуынша, аталған мекеменің аула сыпырушы-бағбаны балалардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы әрекеттер жасаған.

Адвокат бұл факті бойынша полицияның әрекетсіздігіне де шағымданды.

Алматы ПД баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 124-бабы 3-бөлігі "Жас балаларды азғындау" бойынша тіркеп, тергеп жатқанын хабарлады.

"Болған оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында", – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028978-almatyda-balabaqsanyn-aula-sypyrusysy-balalarga-azgyndyq-zasady-dep-aiyptaldy/

pixel